ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ТҮРКИЯДАН КЕЛГЕН ЖҮРГІЗУШІГЕ КӨМЕК КӨРСЕТКЕН

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ТҮРКИЯДАН КЕЛГЕН ЖҮРГІЗУШІГЕ КӨМЕК КӨРСЕТКЕН

                                                                           ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ТҮРКИЯДАН КЕЛГЕН ЖҮРГІЗУШІГЕ КӨМЕК КӨРСЕТКЕН

30 қарашада сағат 22:40 шамасында "Өскемен-Семей" автожолында дизель отыны қатып қалған Түркиядан келген жүргізуші Акин Мұстафа тұрып қалған. Осы уақытта кезекшілікте болған ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері борттық нөмірі 145 экипаж полиция аға лейтенанттары Кәкенов пен Алтайұлы "Ман" маркалы көлікті байқап, бірден көмекке келген.Полицейлер ер адамды Таврия кенттік полиция бөліміне жеткізген.


Полиция қызметкерлері Ұлан ОАА-да шетелдік жүргізушімен біраз сөйлесіп азаматтың көлігі бұзылып,оның қатып қалғанын түсінген, осы уақытта ауа температурасы -32 градусқа жеткен. Ұлан ауданының полицейлері оны Приволье ауылының ТЖ ғимаратында орналасқан жылыту пунктіне апарған, онда оған ыстық тамақ пен қонатын орын ұсынған.


Мұстафа Акиннің айтуынша, ол өз көлігімен Өскеменге жүк әкеліп, жүктерін түсіріп, Павлодарға жолға шықпақ болып сол жерден тауарды тиеп Отанына Түркияға шықпақ болған.


1 желтоқсанда Ұлан ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция майоры Мақанов Макан мен полиция капитаны Төлегенов Серғазы шетелдік жүргізушіге көмек көрсетуді жалғастырған. Тәртіп сақшылары оның автокөлігінің бұзылу себебін анықтау үшін мамандарды шақырып, жүк көлігін жөндеуге қосалқы бөлшектер сатып алу үшін Өскемен қаласына апарған,әрі қарай көлікті жөндеуге көмектескен. Соңында, учаскелік полицейлер қонақжайлылық танытып Мұстафаны ұлттық тағамдардан дәм татқызған.


Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін Мұстафа Акин өзінің туған қаласы Ақсарайға қарай бет алды.


Құрметті жүргізушілер мен жолаушылар, ШҚО Полиция департаменті жолда штаттан тыс жағдайлар туындаған жағдайда 112 және 102 нөмірлері бойынша хабарласуды ұсынады.

ШҚО ПД баспасөз қызметі