ШҚО тұрғыны жүргізуші куәлігі үшін 1,2 млн. теңгеден астам қаражат берген

ШҚО тұрғыны жүргізуші куәлігі үшін 1,2 млн. теңгеден астам қаражат берген

                                                                            ШҚО тұрғыны жүргізуші куәлігі үшін 1,2 млн. теңгеден астам қаражат берген


Әйел бейтаныс адамға жүргізуші куәлігі үшін бір миллион теңгеден астам ақша берген.


Өскемен қ. ПБ Ертіс ПБ-нің кезекші бөліміне 38 жастағы қала тұрғынынан өтініш келіп түскен, ол жүргізуші куәлігін өзі алудың орнына қысқа мерзімде жүргізуші куәлігін жасауға уәде берген бейтаныс адамнан сатып алуға шешім қабылдаған. Көлік құралын басқаруға рұқсат беретін "құжат" сомасы шамамен 1 240 000 теңгені құраған.


Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстаған. Шемонаиха ауданының 54 жастағы тұрғыны алаяқтық жасағаны үшін ұсталған. Тәртіп сақшылары оны полиция бөліміне жеткізген, онда жауап алу кезінде ол бұл әрекетін мойындаған.


Қасқөйге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Кінәні мойындаған жағдайда күдіктіге екі жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.


                                                                                                                                     ШҚО ПД баспасөз қызметі