Арман Үмітов ШҚО бойынша Полиция департаментінің анықтау басқармасын басқарды

Арман Үмітов ШҚО бойынша Полиция департаментінің анықтау басқармасын басқарды

                                                                              Арман Үмітов ШҚО бойынша Полиция департаментінің анықтау басқармасын басқарды

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен ШҚО ПД Анықтау басқармасының бастығы болып полиция подполковнигі Үмітов Арман Алтайбекұлы тағайындалды.


Арман Алтайбекұлы Үмітов 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Үлкен Нарын ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2003 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.


Ішкі істер органдарында 2005 жылдан бастап қызмет етеді.


Тергеу бөлімшелерінде жұмыс тәжірибесі мол. Орта және аға басшы құрамның әртүрлі лауазымдарында қызмет атқарған.


Арман Алтайбекұлы құқық қорғау органдарындағы қызметін 2006 жылы ШҚО ІІД Глубокое ауданының ІІБ анықтау бөлімшесінің анықтаушысы қызметінен бастаған. Үш айлық сынақ мерзімінен кейін Арман Үмітов сол бөлімшеге аға анықтаушы болып тағайындалған.


2013 жылы қазір полиция подполковнигі ШҚО ІІД Глубокое ауданының ІІО анықтау бөлімін басқарған.


2016 жылы Арман Алтайбекұлы ШҚО ПД Глубокое ауданы Полиция бөлімі бастығының орынбасары болып тағайындалған.


2019 жылы бір жарым жыл бойы Арман Үмітов полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары қызметін атқарды, әрі сол уақытта ШҚО ПД Глубокое ауданы ПБ тергеу бөлімінің бастығы болған.
2020 жылғы 25 маусымда полиция подполковнигі Үмітов Анықтау басқармасы бастығының орынбасары, ШҚО ПД қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау және тергеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы болып тағайындалған.


16 жыл қызмет ішінде Арман Алтайбекұлы Анықтау басқармасының дамуына өз үлесін қосты. Бүгінгі күнде ол үздік дәстүрлер мен жинақталған мол тәжірибесін жас қызметкерлерге беруді қамтамасыз етеді.


                                                                                                                                     ШҚО ПД Баспасөз қызметі