
ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы тағайындалды
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы болып полиция подполковнигі Руслан Нұрланұлы Кошкинчинов тағайындалды.
Руслан Кошкинчинов 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Алексеевка ауылында дүниеге келген. Құқық қорғау органдарында 2009 жылдан бастап қызмет етеді.
Криминалдық полиция бөлімшесінің аймақтық-аумақтық криминалдық полиция тобының жедел уәкілі, мүліктік қылмыстарды ашу тобының аға жедел уәкілі, криминалдық полиция тобының аға жедел уәкілі болып жұмыс істеген.
2013 жылы ШҚО ІІД Өскемен ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі жедел уәкіл болып тағайындалды.
2016 жылдан – ШҚО ІІД ЕҚІҚБ ведомствоаралық үйлестіру, нашақорлықтың алдын алу бөлімінің аға жедел уәкілі.
2018 жылдан бастап-ШҚО ІІД ЕҚІҚБ есірткі бизнесіне қарсы күресті ұйымдастыру және өңіраралық есірткі топтарын әзірлеу бөлімінің бастығы.
2019 жылы Руслан Нұрланұлы есірткі құралдарының, олардың аналогтарының психотроптық заттарының және прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы ШҚО ПД ЕҚІҚБ іс-қимыл бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
2021 жылдың сәуір айынан бастап ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.
ШҚО полиция басшысы Серік Жүнісбеков өңірдегі есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі жаңа бастықтың алдына бірқатар міндеттер қойды.
ШҚО ПД Баспасөз қызметті