Өскемендегі қонақ үйлердің бірінде "қоймашы-есірткі ораушы" ұсталған

Өскемендегі қонақ үйлердің бірінде "қоймашы-есірткі ораушы"  ұсталған

                                                                         Өскемендегі қонақ үйлердің бірінде "қоймашы-есірткі ораушы"  ұсталған

Қараша айында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ертіс полиция бөлімінің КПБ және ШҚО ПД КҚО-мен бірлесіп, облыс орталығындағы  қонақ үйлердің бірінің бөлмесінде интернет-дүкеннің "қоймашы-есірткі ораушысы" ұсталған. Оның сөмкесінде ұнтақ пен түйіршік түріндегі затпен скотч-лентамен оралған байлам табылып, тәркіленді. Кейін алынған байлам салмағы шамамен 500 грамм "Альфа-PVP" психотропты заты болғаны анықталды.

Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігінің  1, 3, 5-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

                                                                                                                                   ШҚО ПД Баспасөз қызметі