ШҚО полицейлері 6 млн теңгеден астам қарызы бар әйелді тапқан

ШҚО полицейлері 6 млн теңгеден астам қарызы бар әйелді тапқан

                                                                     ШҚО полицейлері 6 млн теңгеден астам қарызы бар әйелді тапқан

 

Өскемен қаласы Полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөліміне Шығыс Қазақстан облысының 43 жастағы тұрғынынан 6 004 746 теңге мөлшерінде борыш өндіріп алу туралы жеке сот орындаушысының қаулысы келіп түскен.

Әйел алты айдан бері ағымдағы жылдың маусым айынан бастап несие корпорациясының қарызын төлеуден жалтарып жүргені белгілі болды.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері іздестіру іс-шаралары барысында облыс аудандарының бірінде арызын төлемеген әйел адамның жүрген жерін анықтаған.

Қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады. 

Жыл басынан бері ШҚО Полиция департаменті 80-астам борышкерді анықтағандарын атап өткен жөн.

ШҚО ПҚД көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін Заңмен ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

 

                                                                                                                                 ШҚО ПД Баспасөз қызметі