
Өскемендік студенттің автокөлігін ауладан ұрлап айдап әкеткен
Өскемен қ. ПБ Үлбі ПБ-нің «102» жедел арнасына 19 жасар студент жүгінген, оның құны 1 000 000 теңгеге жуық "ВАЗ" автокөлігін белгісіз біреу ұрлап айдап әкеткен.
Жәбірленушінің айтуынша, көлік құралы оның үйінің ауласынан айдап әкетілген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтаған. Облыс орталығының 22 жастағы тұрғыны ұрлық жасады деген күдікпен тұрғылықты жері бойынша ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген. Көлік тәркіленді, ұсталған адам мойындау көрсетпелерін берген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі бойынша «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету)» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Егер күдікті кінәсін мойындаған жағдайда, 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
ШҚО ПД баспасөз қызметі