ШҚО-да Өзбекстанның 4 азаматы жұмыс істеуге рұқсаты болмағаны үшін жауапкершілікке тартылған

ШҚО-да Өзбекстанның 4 азаматы жұмыс істеуге рұқсаты болмағаны үшін жауапкершілікке тартылған

                                                                   ШҚО-да Өзбекстанның 4 азаматы жұмыс істеуге рұқсаты болмағаны үшін жауапкершілікке тартылған

 

Шетелдіктерге тиісті көші-қон бақылауын қамтамасыз ету мақсатында көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері уақытша және тұрақты тұратын шетел азаматтарын тіркеу мекенжайларын, сондай-ақ қабылдаушы тұлғалардың оларда шетелдіктердің болуы туралы хабарламалардың болуын тексеру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.

Катонқарағай және Тарғын ауылдарында тіркеудің кезекті мекенжайын тексеру кезінде көші-қон қызметінің қызметкерлері уақытша тұруға рұқсатсыз жеке үй салу бойынша еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін Өзбекстан Республикасының 4 азаматын анықтаған.

- "Өз кезегінде, қабылдаушы тарап Қазақстанда болу құқығына құжаттарды ресімдеу бойынша шаралар қабылдамағаны, сондай - ақ шетелдіктердің еңбек қызметін рұқсатсыз жүзеге асырғаны үшін мемлекеттің кірісіне 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді, - деп атап өтті ШҚО ПД КҚҚБ бастығының міндетін атқарушы Ринат Шкибаев.

ШҚО ПД Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасы халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзушылықтары анықталған жағдайда, яғни шетелдік азаматтары еңбек қызметін жүзеге асыру және елде рұқсатсыз тұру, сондай-ақ оларды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

ШҚО ПД баспасөз қызметі