Алаяқ 320 мың теңгеге жүргізуші куәлігін жасауға уәде берген

Алаяқ 320 мың теңгеге жүргізуші куәлігін жасауға уәде берген

                                                                           Алаяқ 320 мың теңгеге жүргізуші куәлігін жасауға уәде берген

 

Шығыс Қазақстан облысында тәртіп сақшылары жүргізуші куәлігін жасауға уәде берген алаяқты ұстаған.

Өскемен қ. ПБ Үлбі ПБ-нің  «102» жедел арнасына алаяқтың қармағына түсіп қалған 33 жастағы ер адам жүгінген.

Жәбірленуші ағымдағы жылдың шілде айының басында оның танысы жүргізуші куәлігін тез ресімдей алатынына сендіріп, қызметі үшін 320 000 теңге көлемінде ақша қаражатын сұрағанын айтқан. Алайда, бірнеше айдан кейін жәбірленуші  уәде етілген құжаттарды алмаған және полициядан көмек сұраған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері  күдіктіні анықтап, ұстаған.Ол осы әрекетін мойындаған 26 жастағы жергілікті тұрғын болып шыққан. Оған қатысты "келуге міндеттеу"түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ШҚО ПД баспасөз қызметі