Өскеменде лотерея клубын бір жарым миллион теңгеге жуық тонап кеткен

Өскеменде лотерея клубын бір жарым миллион теңгеге жуық тонап кеткен

                                                                         Өскеменде лотерея клубын бір жарым миллион теңгеге жуық тонап кеткен

 

Шығыс Қазақстанда полицейлер лото-клубты 1,4 млн.теңгеге тонап кеткен күдікті ер адамды ұстап алған.

Өскемен қ. ПБ Ертіс ПБ-нің «102» жедел арнасына ЖШС әкімшісінен хабарлама келіп түскен, ол түнгі уақытта бейтаныс жігіт қаланың лотерея клубтарының бірінде кассадан 1 400 000 теңге көлемінде ақша қаражатын ашық ұрлап кеткенін айтқан.

Патрульдік полиция батальоны мен Ертіс полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы қызметкерлерінің жедел әрекет етулеріне байланысты күдікті ұсталды. Ол Ұлан ауданының 25 жастағы тұрғыны болып шықты, жауап алу кезінде ер адам осы әрекетін мойындаған. Тәртіп сақшылары ұрланған ақшаны тәркілей алды, алайда толық көлемде емес.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігімен ("тонау") сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Кінәсін мойындаған жағдайда шығысқазақстандыққа 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

ШҚО ПД баспасөз қызметі