
Шекара бекетінде оқ-дәрілерді заңсыз алып өтуге әрекеттенгендердің жолы кесілген
Шемонаиха ауданы ББ кезекші бөліміне "Убе-Авто" БП кезекшісінен хабарлама келіп түсті. Кезекші облыс орталығының 35 жастағы тұрғынынан шекаралық бақылаудан өту кезінде "Nissan" автокөлігінің қалтасынан 2 патрон табылғанын және тәркіленгенін, олар сараптама қорытындысына сәйкес оқ атуға жарамды 5,6 мм калибрлі шолақ мылтыққа арналған патрондар болып табылғанын хабарлаған.
Тәртіп сақшылары ер адамды полиция бөліміне жеткізген, онда жауап алу барысында ол оқ-дәрілерді шілде айының соңында Катонқарағай ауылының тауларынан тауып алғанын айтқан.
Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы сайланды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 286-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД Баспасөз қызметі