
Көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізуші масаң күйде көлік басқарған
Гоголь мен Қонаев көшелерінің қиылысында Риддер қаласы көшелерін патрульдеу кезінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 55 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы "Toyota" маркалы автокөлікті тоқтатқан. Әңгіме барысында ер адамнан алкогольдің өткір иісі шыққан, бұл медициналық куәландырудан өтуге әкеп соққан. ОНД актісіне сәйкес, жүргізуші орташа дәрежедегі масаң күйде болған. Сондай-ақ, қасқөй 2019 жылдың қазан айында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны және 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД Баспасөз қызметі