Жүргізушіге ескерту!

Жүргізушіге ескерту!

                                                                            Жүргізушіге ескерту!


Шығыс Қазақстан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы Кеден одағының 018/2011 «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналармен жасақталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынғанын хабарлайды. Бұл талап қарлы жолдарда немесе көктайғақ кезінде қысқы шиналардың жақсы жүруіне және ілінісу коэффициентінің жоғары болуына негізделген.


Қысқы шиналар көлік құралының барлық доңғалақтарына орнатылуы тиіс және оның үш айрықты тау шыңы түріндегі және оның ішінде қарлар бейнеленген таңбасы, сондай-ақ "М+S", "M&S", "M S"белгісімен таңбалары болуы тиіс.


Сонымен қатар, қысқы шиналарда тікенектер болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларына сәйкес, жүргізушінің қалауы бойынша механикалық көлік құралының артына "тікенектер" белгісі (қара түсті "Ш" әрпі жазылған қызыл түсті жиегі бар ақ түсті теңбүйірлі үшбұрыш) орнатылады. Үшбұрыштың шеттері-кемінде екі жүз миллиметр, жиегінің ені - 1/10 бөлігі).


Қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) «жазғы шиналары» орнатылған автокөлікті пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 5-бөлігіне сәйкес 5 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.


Өткен жылдардағы қыстың қыңыр мінезін еске түсіре отырып, жүргізушілерден қыс мезгілінде пайдалану үшін көлік құралдарын уақтылы дайындауды сұраймыз.


Сізге жолда сәттілік тілейміз!

 

                                                                                                                                     ШҚО ПД Баспасөз қызметі