ШҚО Полиция департаментінде Республика күні салтанатты түрде атап өтілді

ШҚО Полиция департаментінде Республика күні салтанатты түрде   атап өтілді

                                                                            ШҚО Полиция департаментінде Республика күні салтанатты түрде атап өтілді

Биыл 13 жыл араға салып Қазақстанда Ұлттық мереке — Республика күні атап өтілуде. Мемлекет басшысының жарлығымен ол мемлекеттік мереке ретінде күнтізбеге енгізілді.


22 қазанда ШҚО Полиция департаментінің мәжіліс залында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.


Іс-шараның ашылу салтанатында ШҚО ПД бастығы полиция полковнигі Серік Жүнісбеков жиналғандарды құттықтау сөзімен қарсы алып, зор денсаулық, әр шаңыраққа бақыт, береке-бірлік тіледі.


Республика күніне орай қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Марат Мұратұлы Ахметжановтың бұйрығымен ШҚО ПД-ның төрт қызметкеріне мерзімінен бұрын арнайы шендері, сондай – ақ атқаратын штаттық лауазымынан бір саты жоғары арнайы шені берілді, тағы 2 қызметкер ведомстволық награда - "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен барлығы 15 қызметкер марапатталды. Сонымен қатар, ШҚО ПД-ның 47 қызметкері ШҚО Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі С.Т. Жүнісбековтың бұйрығымен алғыс хаттармен және граматолармен марапатталды.


Салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды.

                                                                                                                                  ШҚО ПД Баспасөз қызметі