
Өскеменде полицейлер қоймадан арпа ұрлады деген екі күдіктіні ұстады
Өскемен қ. ПБ Сол жағалау ПБ-ның кезекші бөліміне 59 жастағы ауыл шаруашылығы ұйымының басшысы белгісіз адамдардың ұйымға тиесілі қоймаға еркін кіріп, одан 4 тонна арпаны жасырын ұрлап кеткені туралы хабарлаған. Келтірілген шығын сомасы 640 000 теңгені құрады.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Солжағалау ПБ қызметкерлері күдіктілерді анықтап,ұстады, олар Ұлан ауданының 43 және 30 жастағы тұрғындары болып шықты, олар өз кінәларын мойындады. Заттай дәлелдемелер алыған жоқ.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
ШҚО ПД Баспасөз қызметі