
ШҚО-да екі адам жерлеу орындарын бүлдірген
Жерлеу орындары орналасқан аймақ дәстүрлі түрде үнсіздік пен еске алу орны болып саналады. 30 тамызда Өскемен қ. ПБ-ға зираттағы вандализм фактісі туралы ақпарат келіп түскен.
Белгісіз адамдар Аблакетка ауданындағы зират аумағында болған кезде қайтыс болған адамның жерленген жеріне зақым келтірген. Қаскөйлердің іс-әрекетінен келген жалпы шығын шамамен 100 000 теңгені құрады.
Полиция қызметкерлері 23-30 жастағы екі ер адамды анықтады, олар бұрын да зират орналасқан жерлерде байқалған. Ұсталған азаматтар қылмысқа қатысы бар екенін растады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 294-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД Баспасөз қызметі