
ШҚО-да полицейлер заңсыз сақталған аңшылық қару мен оқ-дәрілерді тәркіледі
Құқық бұзушыға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, қаруды тәркілеу қаупі төніп тұр.
ШҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында ШҚО прокуратурасын үйлестірумен қатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ұлан ауданының 60 жастағы тұрғынынан ішкі істер органдарында тіркелмеген заңсыз сақталған тегіс ұңғылы аңшылық мылтығы мен оған оқ-дәрі тәркіленді.
Жүргізілген сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат Тула қару-жарақ зауытында шығарылған, 1971 жылғы 12 калибрлі "ТОЗ-66" моделі, "У75106" зауыттық нөмірі бар және екі оқпаннан 16 калибрлі орталық жауынгерлік патрондармен оқ атуға жарамды екі ұңғылы аңшылық тегіс ұңғылы мылтық болып табылады.
Сонымен қатар, тәркіленген екі зат 12 калибрлі тегіс ұңғылы атыс қаруларына арналған оқ-дәрілер болып табылады.
Ұлан ауданының 60 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК 482-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз сатып алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы).
Енді ер адамға қаруды, сондай-ақ оның негізгі (құрамдас) бөліктерін тәркілей отырып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
ШҚО ПД Баспасөз қызметі