ШҚО-да масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталған

ШҚО-да масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталған

                                                                           ШҚО-да масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталған

Полиция қызметкерлері ШҚО тұрғынын жол жүрісі қағидаларын бұзғаннан кейін ұстаған. Оған 15 тәулікке қамауға алу тағайындалған және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырған.

Ағымдағы жылдың 17 қазанында ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері масаң күйде Тәуелсіздік көшесінен Алтай қаласына арай келе жатқан «Волга ГАЗ 2410» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Сөйлесу кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иіс шыққан. Куәландыруға сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйде болған.

"Волга ГАЗ 2410" маркалы көлік құралының жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік мамандандырылған тұраққа, ал ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқарғаны үшін, сол сияқты көлік құралын басқаруды алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамға бергені үшін – он бес тәулікке әкімшілік қамауға алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғатынын атап өткен жөн.

                                                                                                                                   ШҚО ПД Баспасөз қызметі