ШҚО полицейлері іздестіруде жүрген мал ұрысын ұстады

ШҚО полицейлері іздестіруде жүрген мал ұрысын ұстады

                                                                              ШҚО полицейлері іздестіруде жүрген мал ұрысын ұстады

ШҚО ПД қызметкерлері мемлекетаралық іздестірілуде жүрген қылмыскерді Астана қаласында ұстап алған.


Қыркүйек айының басында Тарбағатай ауданының ПБ-ға жергілікті тұрғын еркін жайылымнан 36 бас жылқы ұрланғаны туралы хабарласқан. Аталған факті бойынша дереу Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің қатысуымен жедел-тергеу тобы құрылды. Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Зайсан ауданының аумағында ұрланған малдың жүрген жері анықталып, ол жәбірленушіге қайтарылған. Қолда бар ақпарат бойынша ұрлық және басқа да осыған ұқсас қылмыстарға Зайсан ауданының 63 жастағы тұрғыны қатысы бар екені анықталып, ол белгісіз бағытта жасырынғандықтан ағымдағы жылдың 5 қазанынан бастап оған мемлекетаралық іздестіру жарияланған.


19.10.2022 жылы іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ШҚО ПД КПБ және Астана қ. ПД КПБ қызметкерлері елордада аталған ер адамды ұстап, Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алған.


Қолда бар ақпарат бойынша ол Тарбағатай ауданының аумағында 2018-2022 жылдар аралығында орын алған мал ұрлығының 6 фактісін жасауға қатысы бар. Қазіргі уақытта жәбірленушілерге бұрын ұрланған 70 бас мал қайтарылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

                                                                                                                                 ШҚО ПД Баспасөз қызметі