ШҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ІІМ МЕРЕЙТОЙ ИЕСІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ШҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ІІМ МЕРЕЙТОЙ ИЕСІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

                                                                         ШҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ ІІМ МЕРЕЙТОЙ ИЕСІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Шығыста полиция қызметкерлері ІІО ардагері генерал Майдан Аманжоловты мерей тойымен құттықтады.

14 қазанда милиция генерал-майоры Аманжолов Майдан Молдақашұлы 80 жасқа толды. Мерей той иесіне Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы құрмет көрсетті.

Тәлімгерді құттықтауға қазақстандық ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің төрағасы  милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков және көптеген жылдар бойы басшылық қызметтерде жұмыс істеген ІІО ардагерлері келді.

Майдан Молдақашұлы 1942 жылы 14 қазанда Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген. 1974 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. 1983 жылы КСРО ІІМ Академиясын (Мәскеу қ.) бітіріп, 11 жылдан кейін 1994 жылы АҚШ полиция академиясында (Техас штаты Даллас қ.) тағылымдамадан өткен.

1993 жылы генерал погондарын алған Аманжоловтың өмірі көпшілікке үлгі бола алады. Мансабын Семей қаласының ІІБ (қазіргі Семей қ.) учаскелік лауазымынан бастап, Майдан Молдақашұлы Маңғыстау облысының жаңадан құрылған ІІБ бастығына дейін қызмет атқарған, кейін Шығыс Қазақстан ІІБ-ға басшылық етті. 90-шы жылдар еліміз үшін ауыр жыл болды. КСРО-ның күйреуі, әлеуметтік-экономикалық формацияның өзгеруі және оның салдарынан экономикадағы дағдарыс қылмыстың өршуіне себеп болды. Осы күрделі кезеңде егемен Қазақстанның ішкі істер органдары криминал толқынымен табысты күресуге негізінен генерал-майор Аманжолов сияқты басшылардың арқасында қол жеткізді.

Майдан Молдақашұлы КСРО және ҚР-ның 16 медалімен марапатталған, сондай-ақ КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері және ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері болып табылады.

- "Сіз әрқашан қиындықтармен бірге жүретін ұзақ өмір жолында таңдаған мамандығыңыздың қыр-сырын білетін өз ісіңіздің маманысыз. Бүгінгі мерейтойға ШҚО ПД ұжымы Сізді өз құрдастары мен адал дос, беделді маман және құзыретті басшы бола алған, беріктігі мен әділдігі мен ерекшеленетін мейірімді азамат ретінде үлгі етеді", - деп мерей той иесіне Өмірзақ Болсамбеков тілек айтты.

Сіз өз ісіңіздің маманысыз, жоғары бедел мен көрегендік, жоғары белсенділік, тынымсыз еңбек, ІІО саласындағы мәселелерді шешудегі мол тәжірибе мен кәсіпқойлық, әріптестер мен бағыныстыларға деген мейірімділік пен ұқыптылық пен ұштастыра отырып, Майдан Аманжоловқа құқық қорғау жүйесі бөлімшелерінің басшылығы мен әріптестерінің беделін мойындауға мүмкіндік берді.

Мерекеде ардагер Майдан Аманжолов ШҚО Полиция департаментінің бастығы Серік Жүнісбековке және жеке құрамға алғысын білдіріп, жауапты лауазымға табыс тіледі.

                                                                                                                               ШҚО ПД Баспасөз қызметі