ШҚО-да көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші ұсталды

ШҚО-да көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші ұсталды

                                                                         ШҚО-да көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші ұсталды

 

ШҚО ПД қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының өсуіне әсер ететін жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу, көлік құралдарын масс күйінде басқаруға, қарсы қозғалыс, маневр жасау, жол жүру ережелерін бұзуға, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелеріне байланысты бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша тұрақты негізде шаралар қабылдауда.

Ағымдағы жылдың 14 қазанында полиция қызметкерлері Шемонаиха ауданы Шемонаиха қаласының Вокзальная көшесінде көлік құралын басқарған 30 жастағы жүргізушіні ұстады.

Тексеру барысында ұсталған адамның бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Аталған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бап 3-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің көлік құралын басқарғаны үшін елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Құрметті жүргізушілер, жол ережесін бұзуға жол бермеңіз.

                                                                                                                                   ШҚО ПД Баспасөз қызметі