Шетелдіктердің келгені туралы хабарламаған ШҚО-ның 100-ден астам тұрғынына айыппұл салынады

Шетелдіктердің келгені туралы хабарламаған ШҚО-ның 100-ден астам тұрғынына айыппұл салынады

                                                                          Шетелдіктердің келгені туралы хабарламаған ШҚО-ның 100-ден астам тұрғынына айыппұл салынады


Транзиттік көлік, коммуналдық қызметтер, жатақханалар мен құрылыстар: «Заңсыз келуші» операциясы кезінде бұл нысандардың барлығы полицейлердің бақылауында болды.


ЖПІШ шеңберінде тәртіп сақшылары уақытша және тұрақты тұратын шетел азаматтарын тіркеу мекенжайларын, сондай-ақ қабылдаушы тұлғалардың оларда шетелден қонақтардың болуы туралы хабарламаларының болуын тексерді.


Айта кетейік, жедел-профилактикалық іс-шарасының бір аптасында полицияға хабарламағаны үшін шетелдіктерді қабылдайтын 100-ден астам шығыс қазақстандықтар жауапқа тартылды. Солардың бірі Алтай ауданының кәсіпкері болды.
- «Алтай ауданындағы ЖШС басшысы аудан аумағына ағымдағы жылы қазан айының басында шетелдік азаматтың келгені туралы хабарламаған. ЖШС-ге қатысты полиция органдарына шетелдіктің келгені туралы уақтылы хабарламағаны үшін 70 АЕК айыппұл түрінде ҚР ӘҚБтК-нің 518 - бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған", - деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.


ШҚО ПД Көші-қон қызметі қабылданатын жеке және заңды тұлғалардың 3 күн ішінде көші-қон қызметіне шетелдіктердің келуі туралы хабарлау қажет екенін ескертеді. Ол үшін келу орны бойынша көші-қон қызметі бөлімшесіне жүгіну немесе визалық-көші-қон порталының қызметтерін пайдалану қажет (vmp.gov.kz) немесе eQonag ақпараттық жүйесі.

"Заңсыз келуші " ЖПІШ ШҚО-да 10-17 қазан аралығында өткізілді.

 

                                                                                                                                     ШҚО ПД Баспасөз қызметі