
Полицейлер Өскемен тұрғынының қалтасынан есірткі тапқан
Облыс орталығының тұрғыны синтетикасы бар 23 ораманы шортының қалтасына салып жүрген.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҰ ЖСН қатысуымен Самар тас жолы маңындағы теміржол өткелінің жанында "Рефлекс" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында 28 жастағы өскемендікті ұстаған.
Ұсталған азаматты жеке тінту барысында полиция қызметкерлері шорты қалтасынан ұнтақ пен түйіршік түріндегі изолентамен оралған 23 ораманы тауып алып, тәркілеген.
Сараптама қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған зат салмағы 1,52 грамм "альфа - pvp" және жалпы салмағы 19,02 грамм "мефедрон" психотропты зат болып табылған.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-ның 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтілуде.
ШҚО ПД Баспасөз қызметі