
Өскеменде самбодан спартакиада аяқталды
15 қазанда Шығыс Қазақстан облысының облыс орталығында Қажымұқан атындағы "Жекпе-жек" сарайында Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған ҚР ІІМ IX спартакиадасы және "Динамо" ДСҚ IX ведомствоаралық спартакиадасы бағдарламасы бойынша самбо күресінен чемпионат аяқталды.
Жарысқа Полиция департаменттерінің 19 командасы және құқық қорғау органдарының, күштік және басқа да арнайы құрылымдардың 11 командасы қатысты.
Қатысушылар кілем үстінде тартысты күрес ұйымдастырып, спорттық шеберліктері мен жеңіске деген ерік-жігерлерін көрсетті.
Жарыс нәтижелері бойынша орындар келесідей анықталды:
Қазақстан Республикасы ПД командалары арасында 1 орынды елорда полицейлері, 2 орынды – Абай облысының ПД, үшінші орынды Алматы қаласының тәртіп сақшылары иеленді.
Құқық қорғау органдарының, Күштік және басқа да арнайы құрылымдардың командалары арасында тұғырда бірінші орынды ҚР ҚМ Орталық спорт клубының командасы иеленіп, ІІМ және Ұлттық ұлан құрамаларын екінші және үшінші орынға ығыстырды.
Чемпионаттың барлық жеңімпаздары медальдармен, дипломдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ШҚО ПД Баспасөз қызметі