Өскеменде самбодан чемпионаттың салтанатты ашылуы өтті

Өскеменде самбодан чемпионаттың салтанатты ашылуы өтті

                                                                         Өскеменде самбодан чемпионаттың салтанатты ашылуы өтті

Ең мықты деген атақ үшін полиция, әскерилер мен құтқарушылар мен басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлері күресуде.


13-15 қазан аралығында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының және басқа да арнаулы құрылымдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері арасында самбодан жарыстар өтуде: Қазақстан Республикасы ІІМ, ҚР ҰҚК, ҚР ҰҚК ШҚ, ҚР ТЖМ,Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер Комитеті, ҚР ҚАЖҚ, ҚР УССО, ҚР Ұлттық ұланы және көліктегі ПД.


Іс-шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің IX Спартакиадасы және Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған «Динамо» ДСҚ IX ведомствоаралық спартакиадасы аясында өтуде.
Жарыстың алғашқы қатысушыларын ШҚО бас полицейі Жүнісбеков Серік Тұрсынәліұлы құттықтады:


– «Турнирдің мақсаты – өз шеберлігінің деңгейін көрсету ғана емес, ең алдымен тәжірибе алмасуға тамаша мүмкіндік.
Байқауға қатысушылардың әрқайсысы күнделікті жұмысына қажет шеберліктерін осында көрсететініне сенімдімін. Алдағы турнирдің жоғары кәсіби деңгейде өтетініне күмәнім жоқ! Жарыстың барлық қатысушыларына сәттілік, табыс, мықты командалық рух және жоғары нәтиже тілеймін!».


Күшті жауынгерлер атағы үшін жекпе-жек өрбіді.Чемпионаттың әрбір қатысушысы спорттық шеберлік пен жеңіске деген жігерін көрсетті. Спортшылар жеті салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді: 58 келі, 64 келі, 71 келі, 79 келі, 88 келі, 98 келі және 98 келіден жоғары, қатысушылар саны Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 200-ден астам адам.


Бүгін, 15 қазанда салтанатты қорытындылау өтіп, онда жеке және командалық есепте жеңімпаздар «Динамо» ДСҚ Орталық кеңесінің кубоктарымен, медальдарымен, дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

 

                                                                                                                                ШҚО ПД Баспасөз қызметі