Іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды

Іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды

Жарма ауданының полиция бөліміне 2020 жылдың 19 ақпан сағ 16-41-де Жарма ауданы, 8 март ауылының жанында орналасан «Алтыбай» ш/қ меңгерушісі хабарласып осы жоғарыда аталған «Алтыбай» ш/қ жұмысшысы 19 ақпан 2020 жылы таңертенгі сағат шамамен 09:00 атқа отырып 300 бас ұсақмалын жайылымға айдап шығып, боран салдарынан қазіргі уақытқа дейін байланысқа шықпай отырғаны туралы хабарлаған.

Іздестіру жұмыстары 2020 жылы 19 ақпан күні 19 сағат 50 минутта басталды. Жалпы іздестіру жұмыстарына Жарма АПБ-нен 8 қызметкер, 1 дана «УАЗ» маркалы және 1 дана «нива» маркалы автокөлігі, Жарма аудандық әкімшілігінен 1 дана УАЗ ПИКАП автокөлігіне тіркегіштіркеп 1 дана қаршанамен, Жарма ауданы ТЖБ-нен УАЗ автокөлігімен 2 адам, Семей қаласының құтқару отрядынан 2 дана МАРШ нива автокөлігімен 4 адамадам, Белтерек ауылынан 5 адам 1 дана жеңіл автокөлік және 1 дана қарашана, 8 март ауылынан 8 адам ауыл тұрғындары жұмылдырылды.

Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жоғалып кеткен малдар табылып, іздестіру жұмыстары 14 сағат бойы жалғасты. 20 ақпан күні 2020 жылы сағат 09-52-де жоғалып кеткен адам «Аружан» ш/қ 10 шақырым жерде табылды.

Қазіргі уақытта ш/қ жұмысшысының жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

 

Жарма ауданының полиция бөлімі