
Алтай ауданының тұрғыны 1,4 млн теңгеге жуық құрылыс материалдарын ұрлады деп күдіктелуде
Алтайда жергілікті тұрғын саяжайлардың бірінен құрылыс құралдары мен құрылыс материалдарын ұрлады деген күдікке ілінді.
Алтай ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне 50 жастағы қала тұрғыны өтініш білдіріп, Бұқтырма су қоймасының жағалауында орналасқан саяжай учаскесінен шамамен 1 400 000 теңгеге құрылыс құралдары мен құрылыс материалдары жоғалып кеткенін хабарлады.Әйел адам бұрын оның үйінде жұмыс істеген танысын ұрлық жасады деп күдіктенеді.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция бөлімі күдіктіні ұстады, ол қаланың 34 жастағы тұрғыны болып шыққан. Ұсталған азамат жауап алу кезінде қылмысын мойындады. Полицейлер заттай дәлелдемелерді алып үлгерді.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188 - бабы 1-бөлігі - ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД Баспасөз қызметі