Өскеменде банк қызметкері 11,5 миллион теңгеден астам қаржыны алаяқтық жолмен иемденіп алған

Өскеменде банк қызметкері 11,5 миллион теңгеден астам қаржыны алаяқтық жолмен иемденіп алған

                                                                         Өскеменде банк қызметкері 11,5 миллион теңгеден астам қаржыны алаяқтық жолмен иемденіп алған

Өскемен қаласы Үлбі полиция бөлімінің «102»  жедел арнасына 35 жастағы азамат жүгінген. Ер адам тұрғын үй сатып аламын деп  алаяқтың құрбаны болғанын айтқан.

Белгілі болғандай, ағымдағы жылдың мамыр айында өтініш берушінің танысы оған 50/50 бағдарламасы бойынша пәтер сатып алуға көмек ұсынған. Ойлана келе, ер адам танысына 11 650 000 теңге берген. Уәде етілген көмекті немесе өз ақшасын қайтаруды күтпестен, төрт айдан кейін жәбірленуші полицияға жүгінген.

Тәртіп сақшылары қысқа мерзімде күдіктіні ұстауды жүзеге асырды. Жауап алу кезінде өз кінәсін мойындаған 37 жастағы банк қызметкері алаяқтық үшін ұсталды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, онда оны үш жылдан жеті жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы күтеді.

                                                                                                                                   ШҚО ПД Баспасөз қызметі