
Глубокое ауданының тұрғынынан суық қару тәркіленген
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Глубокое ауданының 55 жастағы тұрғыны суық қаруды заңсыз сақтайтыны туралы ақпарат алған.
Келіп түскен сигналды тексеру барысында Глубокое АПБ қызметкерлерімен бірлесіп ер адамға тиесілі "Honda" маркалы автокөлікті тінту кезінде резеңке таяқша табылған және тәркіленген, жүргізілген сараптама, соғып-талқандайтын суық қару болып табылатынын көрсетті.
Қаскөйге қатысты ҚР ҚК-нің 287-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД Баспаөз қызметі