
Ұрланған 25 жылқыны ШҚО полицейлері иесіне қайтарды
Ағымдағы жылғы 16 қыркүйекте Тарбағатай ауданының ПБ-не жергілікті тұрғын еркін жайылымнан 36 бас жылқы ұрланғаны туралы өтініш білдірген.
Дереу тергеу-жедел тобы құрылып,оны ШығысҚазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері басқарған.
Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрланған малдың бір бөлігі анықталған.
Қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу мақсатында аталған мал жем-шөп базасының аумағына уақытша орналастырылды.
Қазіргі уақытта жәбірленушіге 25 бас мал қайтарылды, сондай-ақ Тарбағатай ауданының басқа тұрғындарынан ұрланған мал табылды. Барлығы 47 бас мал тәркіленді.
Ұрланған малды анықтау мақсатында фото-кестелер мен бейне-материалдар дайындалған, оларды айрықша белгілері бойынша тануға болады. Аталған материалдар әлеуметтік желілерде орналастырылған.
Жақын маңдағы аудан тұрғындарына малды анықтауға көмектесулерін сұраймыз,егер сізде қандай да бір ақпарат болса полицияға хабарласыңыз.
ШҚО ПД Баспасөз қызметі