ШҚО-да Өзбекстанның 8 азаматы жұмыс істеуге рұқсаты болмағаны үшін жауапқа тартылды

ШҚО-да Өзбекстанның 8 азаматы жұмыс істеуге рұқсаты болмағаны үшін жауапқа тартылды

                                                                           ШҚО-да Өзбекстанның 8 азаматы жұмыс істеуге рұқсаты болмағаны үшін жауапқа тартылды

 

Көші-қон қызметінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысының аумағында уақытша және тұрақты тұратын шетел азаматтарының мекенжайлары мен тұрғылықты жерлерін және базарлар мен  құрылыс объектілерін күнделікті тексереді.

Катонқарағай ауылында шетелдіктердің тұратын мекенжайларын тексеру кезінде полиция қызметкерлері еңбек қызметін жүзеге асыруға уәкілетті органның рұқсатынсыз жеке кәсіпкерлерде жөндеу жұмыстарымен айналысқан Өзбекстан Республикасының 8 азаматын анықтаған.

- «Аталған бұзушылық үшін шетелдіктер ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен мемлекет кірісіне 300 000 теңгеден астам айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ қабылдаушы тұлғалар,яғни Қазақстан Республикасының азаматтары ҚР ӘҚБтК-нің  519 - бабы 1-бөлігі бойынша әрқайсысы 30 АЕК айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.

ШҚО ПД Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасына уақытша келген шетелдік азаматтардың уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асыруға тыйым салынғанын ескертеді.

                                                                                                                                   ШҚО ПД Баспасөз қызметі