
ШҚО аумағында шетел азаматтарының болуы бақылауға алынған
Облыс аумағында шетел азаматтарының болуын бақылау имигранттардың келуінің және шығуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан шығуының бекітілген қағидалары негізінде жүзеге асырылады.
«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес біздің елде шетел азаматтары 30 тәулікке дейін , ал Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің азаматтары үшін 90 тәулікке дейін Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат талап етілмейді, әрі қарай келу 6 негіз бойынша (жұмыс, емделу, отбасын біріктіру, оқу және т. б.) рұқсат алған кезде ғана мүмкін болады», - деді ол ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.
Келу мақсатына қарамастан, қабылдаушы тарап көші-қон қызметін шетелдіктің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жері туралы үш жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті. Ол үшін келу орны бойынша көші-қон қызметі бөлімшесіне жүгіну немесе визалық және көші-қон порталының (vmp.gov.kz) немесе eQonag ақпараттық жүйесі қызметтерін пайдалану қажет."Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін шетелдік азаматтар, сондай-ақ оларды қабылдайтын жеке және заңды тұлғалар ел заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылуға жататынын еске саламыз", - деп толықтырды Ринат Шкибаев.
Жыл басынан бері ШҚО ПД көші-қон қызметі бөлімшелері халықтың көші-қоны саласындағы ҚР заңнамасын бұзғаны үшін 1700-ден астам шетелдік азамат және 769 қабылдаушы жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ШҚО ПД Баспасөз қызметі