
Күдікті көк чемодан
Бүгін, 23 қыркүйек күні таңғы сағат 8: 53-те ШҚО ПД ЖБО-ға 61 жастағы қала тұрғынынан хабарлама келіп түсті. Ол Өскемен қаласы Егоров көшесіндегі үйлердің бірінің кіреберісінен күдікті көк чемодан тапқанын хабарлады.
Осы дабылды алған полиция қызметкерлері мен мамандандырылған қызметтер дереу оқиға орнына шықты. Тәртіп сақшылары 54 адамды эвакуациялап, іргелес аумақты қоршап алды.
Тексеру нәтижелері бойынша қауіпті заттар табылған жоқ-чемодан бос болды.
ШҚО ПД Баспасөз қызметі