Шығыс Қазақстан облысының полицейлері компьютерлік клубтар мен дүкендерге түнгі рейд жүргізген

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері компьютерлік клубтар мен дүкендерге түнгі рейд жүргізген

                                                                           Шығыс Қазақстан облысының полицейлері компьютерлік клубтар мен дүкендерге түнгі рейд жүргізген

Нәтижесінде үш күн ішінде тәртіп сақшылары жасөспірімдер мен олардың заңды өкілдері арасында 90-нан астам құқық бұзушылықты анықтады. Әр жағдай бойынша әкімшілік айыппұл салынды.

Үш күндік рейдке полиция қызметкерлері педагогикалық ұжымдармен және ата-аналар қауымдастығымен бірге шыққан, алайда балалар мекемелері: түнгі клубтар, барлар, мейрамханалар және компьютерлік клубтар тексеруге арналған обьектілерге айналған.

Мысалы, Өскеменде кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз еріп жүрулеріне жол бергені үшін ойын кітапханасы мен үш ойын-сауық мекемесінің лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Үш түн ішінде барлық облыс бойынша инспекторлар 200-ден астам түрлі мекемелерді тексерді.

- «Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және оқыту бойынша міндеттерді орындамағаны үшін барлығы бес заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 66 ата-анаға айыппұл салынды.

Құрметті ата-аналар, түнгі рейдтердің мақсаты айыппұл емес, жасөспірімдер қылмысының жолын кесу және балалардың қауіпсіздігі, сондықтан балаларды тәрбиелеуге жауапкершілікпен қарауды сұраймыз", - деп атап өтті ШҚО ПД ЖПҚБ бастығы Талғат Нүриев.

Жоғарыда аталған бұзушылықтардан басқа балаларға темекі өнімдерін сату фактілері тіркелді, сондай-ақ алкогольдік ішімдіктерді пайдаланған үш жасөспірім анықталды.

ШҚО Полиция департаменті алдағы уақытта да осындай рейдтерді тұрақты түрде жүргізуге ниет білдірді.

 

                                                                                                                                 ШҚО ПД Баспасөз қызметі