Жыл басынан бері ШҚО полициясына 4,5 мың отбасылық жанжалқор жеткізілген

Жыл басынан бері ШҚО полициясына 4,5 мың отбасылық жанжалқор жеткізілген

                                                                         Жыл басынан бері ШҚО полициясына 4,5 мың отбасылық жанжалқор жеткізілген

Тұрмыстық зорлық-зомбылық-ауыр әлеуметтік салдары бар мәселе. Зорлық-зомбылық зардап шеккендердің құқығын бұзып қана қоймай, өскелең ұрпақ үшін кері әсерін тигізеді.

Отбасындағы зорлық-зомбылық қолайсыз отбасылардың санын көбейтуге, ажырасуларға, ата-ана құқығынан айыруға және балалар қылмысының өсуіне әкеп соғады. Көп жағдайда, әйелдерге қатысты зорлық - зомбылықтың көптеген фактілері тіркеусіз қалады, өйткені қылмыстың құрбандары үйдегі ұрыс-керісті сыртқа шығармау керек деген ертеден келе жатқан ұғымды ұстанып ол туралы айтпайды. Осыған байланысты ШҚО ПД аумақтық бөлімшелерінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі топ инспекторлары отбасындағы зорлық-зомбылықты анықтауға және оның алдын алуға, спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдарды анықтауға, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы тұрмыстық қылмыстардың жолын кесуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды белсенді жүргізеді.

Жыл басынан бері учаскелік полиция инспекторлары отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 2 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 4,5 мың «отбасылық жанжалқорға» қатысты қорғау нұсқамалары шығарылды, сондай-ақ 700-ден астам адамға қатысты соттар мінез-құлыққа ерекше талаптар белгіледі.

- Полиция қызметкерлері мүдделі органдармен бірлесіп отбасылық-тұрмыстық қылмысқа қарсы іс-қимыл жасасу жұмыстарын жалғастыруда. Зорлық-зомбылық болуы мүмкін отбасыларға ерекше назар аударылады. Бұрын сотталған адамдарға, сондай – ақ қоғамға қарсы өмір салтын жүргізетін азаматтарға бақылау жүргізіледі, - деп атап өтті ШҚО ПД ЖПҚБ бастығы полиция полковнигі Талғат Нүриев.

Құрметті азаматтар, егер сіз отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың куәгері немесе құрбаны болсаңыз, дереу полицияға «102» телефоны бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

                                                                                                                                    ШҚО ПД Баспасөз қызметі