
"С11" санатындағы виза қандай жағдайларда беріледі?
"С11" визасы ата-анасы Қазақстан азаматтары болып табылатын, он сегіз жасқа толмаған балаларға беріледі. Егер ата-анасының біреуі Қазақстан азаматы болса "С11"визасын алуға жеткілікті . Виза шетелдік азаматтар немесе азаматтығы жоқ балалар үшін маңызды.
Визаны ПД Көші-қон қызметі басқармасы береді. Өтінішті ата-аналар береді, - деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.
"С11 "бір жолғы визасы 1 жылға дейінгі мерзімге, көп реттік визасы 3 жылға дейін беріледі. Республика аумағында визаның жарамдық мерзімінің барлық кезеңінде келуге мүмкіндік бар деп жалғастырды Ринат Шкибаев.
ШҚО ПД Баспасөз қызметі