Автобөлшектердің жалған сатушысы Өскемен тұрғындарын алдаған

Автобөлшектердің жалған сатушысы Өскемен тұрғындарын алдаған
                                                                       Автобөлшектердің жалған сатушысы Өскемен тұрғындарын алдаған
 
Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің "102" жедел арнасына облыс орталығының 59 жастағы тұрғынының өтініші келіп түсті. Әйел адам автобөлшектерді сатып алмақшы болып алаяққа тап болғанын айтқан.
 
Жәбірленуші хабарламаларды қарап " Nissan "автокөлігіндегі қозғалтқыш пен артқы мосты сату туралы тиімді ұсынысты байқаған. Сатушымен хабарласып, ол мәміле туралы келісіп, оған шамамен 500 000 теңге аударған, алайда әйел адам ешқандай қосалқы бөлшектерді алған жоқ.
 
Бір күн өткеннен кейін полиция бөліміне белгісіз адамның қолынан зардап шеккен тағы бір қала тұрғыны жүгінген, ол осыған ұқсас жағдай бойынша 270 000 теңге көлемінде ақшасын алып алған.
 
Өтінішті қабылдағаннан кейін, тәртіп сақшылары дереу қылмыстарды ашуға кіріскен. Жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілген, оның барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстаған. Ол 31 жастағы жергілікті тұрғыны болып шыққан.
 
 
                                                                                                                                                                                                   ШҚО ПД Баспасөз қызметі