
ШҚО ПД мұражайына Ұлы Отан соғысы ардагерінің құрметті шинелі қойылды
14 қыркүйекте Кадр саясаты басқармасы жас полиция қызметкерлерінің Ұлы Отан соғысының, ішкі істер органдарының ардагері отставкадағы полковник Рахимов Құрмат Рахимұлымен кездесуін өткізді.
Рахимов Құрмат Рахимұлы 1924 жылы 17 маусымда ШҚО Күршім ауданы Қызылтас ауылында дүниеге келген. Соғысқа дейін Күршім орта мектебінде оқып, "Ленинск"кенішінде ,шахтада жұмыс істедіген.
1942 жылы 2 тамызда Кеңес Әскері қатарына шақырылған. Мәскеу қаласындағы ІІХК әскерлері кіші басшы құрамының оқу мектебінен өтті. Литва, Белоруссия жерлерін босатуға, 1-ші Прибалтика және 3-ші Белорус майдандары құрамында Кенигсберг қаласын алуға қатысқан.
Соғыстан кейін 1946 жылы Каменск-Подольск қаласындағы (Украина) шекара әскери училищесін бітірген. Шекара әскерлерінде Түрікмен округінің 1-ші Гауда шекара комендатурасының 5-ші бөлімі бастығының көмекшісі болып қызмет еткен. 1947 жылдың наурызынан бастап 1952 жылдың маусымына дейін Ленин шекара комендатурасының 11-ші бөлімінің Қазақ округіне 5-ші комендатураның аға көмекшісі, содан кейін 50-ші Зайсан шекара отрядының 5-ші комендатурасының бастығы болып тағайындалған. 1952 жылдың маусымынан бастап 1955 жылдың қыркүйегіне дейін 109 және 60-шы шекара отрядтары комендатурасының 1-ші бөлімшесінде аға жедел уәкіл және бастық лауазымдарында жұмыс істеген. 1965 жылдың 23 қарашасынан 1981 жылдың 30 шілдесі аралығында Ішкі істер органдарында ШҚ облыстық атқару комитеті бастығының кадр жөніндегі орынбасары, әрі кадр бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқарған..: "Кенигсбергті алғаны үшін", "Германияны жеңгені үшін", "Жауынгерлік еңбегі үшін", "Ерлігі үшін"медальдары, Мемлекеттік наградалары бар.
Кездесу барысында Құрмат Рахимұлы жас қызметкерлермен жұмыс тәжірибесімен бөлісті, сол бір алыс жылдардағы қызмет атқарудағы қиындықтар туралы айтты, сондай-ақ полиция жұмысындағы ең басты нәрсе адалдық, еңбексүйгіштік және халыққа қызмет ету екенін атап өтті.
Ардагер жас тәртіп сақшыларына денсаулық, береке бірлік және кәсіби өсуді тіледі.
Кездесу соңында Құрмат Рахымұлы жас буын полицейлерге ескерткіш ретінде ШҚО Полиция департаментінің мұражайына өзінің шинелі мен папахасын, плащ пен кителін салтанатты түрде табыс етті.
ШҚО ПД Баспасөз қызметі