Шетелдік қызметкер Қазақстан өңірлеріне іссапарға шыға ала ма?

Шетелдік қызметкер Қазақстан өңірлеріне іссапарға шыға ала ма?

                                                                             Шетелдік қызметкер Қазақстан өңірлеріне іссапарға шыға ала ма?

Жұмыс беруші шетелдік жұмыскерді Қазақстанның басқа өңіріне іссапарға жібере алады, бұл ретте оны іссапарға жіберу мерзімі 1 күнтізбелік жыл ішінде жиынтықты 90 күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Осы мерзімнен асып кеткен кезде жұмыс беруші шетелдік қызметкерге қосымша аймаққа рұқсат алуы қажет.

- «Қолданыстағы қағидаларға  сәйкес жұмысқа рұқсат тек сол алынған аймақта ғана әрекет етеді.Сонымен қатар, жұмыс беруші Көші - қон қызметіне шетелдік қызметкердің еліміздің басқа өңірінде болғаны туралы хабарлауға міндетті »,- деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.

Көші-қон қызметін визалық көші-қон порты (vmp.gov.kz) және еQonag.kz. ақпараттық қызметі арқылы онлайн режимінде хабарлауға болады . Хабарлама 3 жұмыс күні ішінде берілуі қажет.

                                                                                                                                 ШҚО ПД Баспасөз қызметі