"Дәрмек": ШҚО полицейлері компаниядан 23 тоннадан астам тұз қышқылын алып қойған

"Дәрмек": ШҚО полицейлері компаниядан 23 тоннадан астам тұз қышқылын алып қойған

                                                                         "Дәрмек": ШҚО полицейлері компаниядан 23 тоннадан астам тұз қышқылын тәркілеген

 

Шығыс Қазақстан облысының  аумағында  5-9 қыркүйек аралығында медициналық мекемелерде есірткі құралдарының заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға, сондай-ақ есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстың басқа да түрлерінің жолын кесуге бағытталған "Дәрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы  жүргізген жұмыс нәтижесінде 2 қылмыс анықталды, 3 теріс қылық құжатталды және есірткі құралдарының айналымына байланысты 3 әкімшілік хаттама толтырылды.

Заңсыз айналымнан 7,412 гр есірткі және психотроптық заттар , 24 тонна 148 кг прекурсорлар алынды.

Медициналық қызметкерлер де жауапкершілікке тартылды, олардың бірі Алтай ауданындағы  59 жастағы фармацевт опиоидты синтетикалық анальгетикті рецепсіз сатуды жүзеге асырған.

Қаскөйге  қатысты  ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.

Осыған ұқсас  Өскемен қаласы  дәріханаларының бірінде  седативті препаратты заңсыз сатқан 35 жастағы жұмыскер  тіркелді.

Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайларды пайдалану қағидаларын бұзушылықтар анықталған облыстың ұйымдары да назардан тыс қалған жоқ.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Глубокое ауданының   ЖШС директоры жасаған бұзушылықтарды анықтады. ЖШС қызметкерлері есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзушылықтары анықталды. Полицейлер компаниядан 23 тонна 141 кг тұз қышқылын тәркілеген. ҚР ІІМ-нің  №344 бұйрығын бұзғаны үшін  ҚР ӘҚБтК-нің 427-бабы 1-бөлігі бойынша жазаға тартылатын болады.

 

                                                                                                                                   ШҚО ПД Баспасөз қызметі