
Риддерде жоғалған бала табылған
13 қыркүйек күні сағат 22:37-де Риддер бөлімшесінің «102» жедел арнасына мектептердің бірінің директорынан хабарлама келіп түскен. Әйел 8-сынып оқушысы 13 қыркүйек күні түстен кейін сағат 10:40 шамасында әжесінің үйінен шығып, мектепке кеткенін, содан кейін ол үйге оралмағанын хабарлаған. Бірақ бала мектепке келмеген.
Осы уақыт бойы баланың туыстары достары мен ұстаздарына телефон соғып, оны өз бетімен іздеген.
Қоңырауға бірден ден қойған Риддер қалалық ПБ-нің барлық жеке құрамы кәмелетке толмаған баланы іздеуге жұмылдырылды, сондай-ақ баланы табуға көмектесуге 20 ерікті келген.
Тәртіп сақшылары түні бойы бала болуы мүмкін орындардың барлығын аралап, көшелерді, үйлерді, аулаларды, қараусыз қалған ғимараттар мен жертөлелерді қарап шыққан.
14 қыркүйекте таңғы сағат алтыда баланың өзі ата-анасының үйіне оралды.
Кәмелетке толмаған баламен және оның ата-анасымен Риддер қалалық ПБ-нің басшысы Қанат Синиязов жеке профилактикалық әңгіме жүргізді.
ШҚО Полиция департаменті сіздің жақындарыңыз жоғалған жағдайда дереу «102» арнасына немесе жақын маңдағы полиция бөліміне хабарласуды сұрайды.
Есіңізде болсын, әр минут маңызды!
ШҚО ПД Баспасөз қызметі