Нөмірсіз жүру -жүргізуші куәлігінен айырылу

Нөмірсіз жүру -жүргізуші куәлігінен айырылу

                                                                           Нөмірсіз жүру -жүргізуші куәлігінен айырылу

 

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Әкімшілік Кодексінің кейбір баптарына түзетулер енгізілгенін хабарлайды.

ӘПБ деректеріне сәйкес  мемлекеттік нөмірсіз көлік құралын қайта басқарғаны үшін жаңа құқық бұзушылық құрамы енгізіледі (ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-1-бөлігі). Бұдан былай, осы құқық бұзушылықты жасаған тұлғалар 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді немесе 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады. Айта кетейік, бұған дейін айыппұл 10 АЕК болған.

Сондай-ақ, айыппұл түріндегі жаза алынып, көрінеу жалған немесе жалған мемлекеттік нөмірлерімен көлік құралын басқарғаны үшін 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу енгізіледі (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі).

Көлік құралын тоқтату туралы заң талабын бірінші рет орындамағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабының 1-бөлігі) айыппұл мөлшері 40 АЕК дейін өсіріледі, 3 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі баламалы жаза енгізіледі.

Іс-әрекетті қайталап жасағаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімі бір жылға дейін ұлғайтылып, 5 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қосымша жаза енгізіледі.

Мұндай құқық бұзушылықты көлік құралын басқару құқығы жоқ немесе одан айырылған жасаған кезде айыппұл 60 АЕК-ке дейін ұлғайтылып,15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу түріндегі жазаның қосымша түрі енгізіледі.

Енді құқық қорғау органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің) заңды бұйрығына немесе талабына бағынбағаны үшін (ӘҚБтК-нің 667- бабы 1-бөлігі) баптың санкциясынан «ескерту» түріндегі жазалау шарасы алынып тасталды, айыппұл мөлшері 30 АЕК-ке дейін және 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу ұлғайтылады.

Мұндай іс-әрекетті қайталап жасағаны үшін 15-тен 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған (ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабының 2-бөлігі).

Әкімшілік қамауға алу қолданылмайтын адамдарға қатысты 50 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл ұлғайтылады (ӘҚБтК-нің 667-бабының 3-бөлігі).

Құрметті азаматтар! Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және заңдылықтың бұзылуына жол бермеуді сұрайды.

 

                                                                                                                                 ШҚО ПД Баспасөз қызметі