ШҚО-да жылқыға соқтығысқан жүргізуші жол апатынан қаза тапты

ШҚО-да жылқыға соқтығысқан жүргізуші жол апатынан қаза тапты

                                                                           ШҚО-да жылқыға соқтығысқан жүргізуші жол апатынан қаза тапты

 

11 қыркүйек сағат 02:44 шамасында Ұлан ауданы Айыртау ауылының маңында «Өскемен-Алматы» тас жолының 18 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алған.

42 жастағы «Lada Granta» маркалы автокөліктің жүргізушісі жылқыға соғылған.

ЖКО нәтижесінде автокөлік жүргізушісі алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмған, оның жолаушысы (1954 ж.т. ер адам) әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жатқызылған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345 - бабы 3-бөлігі бойынша көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

                                                                                                                                   ШҚО ПД баспасөз қызметі