
Өскеменде әкесі қызына 4 млн теңгеден астам қарыз
Облыс орталығынын алимент төлемеген ер азаматы өзінің 14 жастағы қызына 4 320 250 теңге қарыз болып қалды.
Ағымдағы жылдың тамыз айында көші-қон қызметінің қызметкерлері, ер адамға, жеке сот орындаушысының 2021 жылдың ақпан айынан бастап алимент төлеуден жалтарған 36 жастағы азаматқа іздеу жариялау туралы қаулысы арқылы шықты.
- «Іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері алимент төлеуден жалтарып жүрген адамның орналасқан жерін көп ұзамай анықтады. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады», - деді КҚБ бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.
Жыл басынан бері ШҚО Полиция департаменті алимент төлемей жүрген 100-ден астам адамды анықтады.
ШҚО ПД көші-қон қызметі атқару құжатын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБК 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК-нің 139-бабы бойынша тартылды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі