ШҚО-да Өзбекстанның 2 азаматы елден шығарылды

ШҚО-да Өзбекстанның 2 азаматы елден шығарылды

                                                                           ШҚО-да Өзбекстанның 2 азаматы елден шығарылды

 

Тамыз айының соңында Зайсан аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында базарларды, уақытша және тұрақты тұратын шетелдік азаматтардың тұрғылықты жерлерін, құрылыс нысандарын тексерді. Зайсандағы аулалардың бірінде полицейлер уақытша тұруға ықтиярхатсыз белгісіз мерзімге тұрып келген Өзбекстанның екі азаматын анықтады.

- «Аталған бұзушылық үшін шетелдіктер ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,- деді КҚБ бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.

Осындай жағдай Алтай ауданында да орын алды.Көші-қон қызметінің қызметкерлері аулаларды аралау кезінде 9 өзбекстандық Алтай ауданында тиісті рұқсатсыз тұрып жатқанын анықтады.

Аталған шетелдіктерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 3-тармағы 1-бөлігі «шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды, оның санкциясында «ескерту» түріндегі әкімшілік жаза көзделген.

ШҚО ПД Көші-қон қызметі ХҚКО-да еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат алғаннан кейін ҚР-да уақытша тұруға рұқсатты да ресімдеу қажет екенін еске салады.

                                                                                                                                    ШҚО ПД баспасөз қызметі