Шығысқазақстандық саяжайында тыйым салынған өсімдік өсірген

Шығысқазақстандық саяжайында тыйым салынған өсімдік өсірген

                                                                           Шығысқазақстандық саяжайында тыйым салынған өсімдік өсірген

 

«Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері саяжайлардың бірін тінту барысында 34 жастағыоблыс орталығының тұрғынынан жасыл түсті өсімдік тәркіледі. Сондай-ақ, тінту кезінде ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша үш пластикалық құмыра табылып, олардың әрқайсында бір-бірден 3 түп өсімдік өскен,сондай-ақ 230 грамнан астам кептірілген марихуанатәркіленді.

Сонымен қатар, қаскөйдің көлігінен қоңыр-жасыл түсті өсімдік заты бар шыны ыдыс табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, аталған өсімдіктер жалпы салмағы 1 килограмнан асатын құрамында есірткі заттары бар «Каннабис» түріне жатады.

Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 300 - бабының 1-бөлігі – «Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясымен 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

 

                                                                                                                                ШҚО ПД баспасөз қызметі