
Өскеменде полицейлер жол қозғалысының жас инспекторларымен бірге патрульдеуге шықты
«Назар аударыңыз, балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ШҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері мен «Aqjol» балалар-жасөспірімдер клубының жас инспекторлары «Мектепке жол» акциясын өткізді.
ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Андрей Ларионовтың тікелей қатысуымен жас жол сақшылары жас жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін А.Байтұрсынов атындағы №20 мектептің алдына сап түзеп шықты.
Іс – шара барысында ересектер мен балаларға жадынамалар мен буклеттер, сондай-ақ ЖЖИ ата-аналары мен балаларына үндеу-шығармаларын табыс етті.
Бірінші қыркүйектің маңызды оқиғасы ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің А.Байтұрсынов атындағы №20 мектебінің «Жоламан» ЖЖИ жасағын салтанатты түрде марапаттау болды, олар ЖЖИ республикалық слетінде Қонаев қаласында бірінші орын алған.
- Аймақ мектептерінде ЖЖИ қызметін ұйымдастыру жол қауіпсіздігі ережелерін зерделеуге ғана емес, өскелең ұрпақты патриоттық тәрбиелеуге де бағытталған, - деп атап өтті ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Талғат Нуриев балалар аудиториясы алдында сөйлеген сөзінде.
Мектеп жиынында ол ата-аналар мен оқушыларды оқу жылының басталуымен құттықтап, жол қозғалысының жас инспекторларына грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етті.
ШҚО ПД баспасөз қызметі