Білім күні, ЖКО-ның алдын алу туралы!

Білім күні, ЖКО-ның алдын алу туралы!

                                                                           Білім күні, ЖКО-ның алдын алу туралы!

 

Департаменттің Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері оқу жылының басталуына арналған Өскемен қаласының салтанатты мектеп жиындарына қатысты.

Іс-шарамен 6 жастан 11 жасқа дейінгі 200-ден астам бастауыш сынып оқушылары қамтылды, балалармен жол қозғалысы ережелерін зерделеу бойынша қосымша теориялық және практикалық сабақтар өткізілді.

Полицейлер балаларды жол белгілерінің, бағдаршамдардың мәнімен, қала көшелері мен жолдарында оқушылардың дұрыс бағдарлануымен таныстырды.

Әкімшілік полицияның жол қадағалау мамандары облыс орталығының №7 мектебінің балаларының, ата-аналары мен мұғалімдерінің сұрақтарына диалог түрінде жауап берді. Осы оқу орнында көрнекі үгіт және жол қозғалысы қауіпсіздігінің бұрышы тексерілді.

Қатысушы ата-аналарға балаларды автокөлікпен тасымалдау, балаларды ұстап тұратын құрылғыларды және автокреслондарды пайдалану ережелері туралы қосымша ақпарат жеткізілді. Жарықты шағылыстыратын элементтері бар киімді пайдалану, бұл баланы қараңғыда жүргізушілерге көбірек көрсетеді.

Облыстағы 342 мектепте оқу жылында жоспар бойынша балалармен осындай сабақтар жүргізілмек.

 

                                                                                                                                  ШҚО ПД баспасөз қызметі