Мектепке қауіпсіз жол

Мектепке қауіпсіз жол

                                                                           Мектепке қауіпсіз жол

 

Ертең Шығыс Қазақстанның бірнеше мың оқушылары үшін алғашқы қоңырау соғылады, әдеттегі мектеп тіршілігі басталады. ШҚО полицейлері де жаңа оқу жылына дайындалды.

Бүгінгі күні облыста көлік жүретін бөлікке тікелей шығатын 161 мектеп пен мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. 22-31 тамыз аралығында өтіп жатқан «Абайлаңыз- балалар!»ЖПІШ аясында полиция қызметкерлері оқу орындарына іргелес 170-тен астам көшелерді тексеріп, кемшіліктерді жою үшін жергілікті атқарушы органдардың атына 90-нан астам ұйғарым жолдады.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары 80 жол белгілерін орнату бойынша қосымша шаралар қабылдап, 92 жаяу жүргіншілер өткелін орнату, «Зебра» жол белгілерін жаңартты және 23 жасанды жол кедергісін қалпына келтірді. 

Оқу жылының басталуы қарсаңында ШҚО ПД басшылығымен мектеп маңында қызметкерлер патрульдеу ұйымдастырылды, сондай-ақ балаларды жол қозғалысы ережелеріне оқыту үшін инспекторлар бекітілді. Аталған жұмысты полиция қызметкерлері тұрақты негізде жүргізіп келеді және полиция департаментінің бақылауында екенін атап өткен жөн.

 

                                                                                                                                    ШҚО ПД баспасөз қызметі