Риддер тұрғыны жылыжайда марихуана өсірген: 500-ден астам есірткі өсімдігі жойылды

Риддер тұрғыны жылыжайда марихуана өсірген: 500-ден астам есірткі өсімдігі жойылды

                                                                           Риддер тұрғыны жылыжайда марихуана өсірген: 500-ден астам есірткі өсімдігі жойылды

 

«Қарасора» ЖПІШ өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері бау-бақша қоғамының бірінде орналасқан саяжайдың бірінде 63 жастағы Риддер қаласының тұрғыны марихуана өсірумен айналысатыны туралы жедел ақпарат алды.

Белгіленген мекен-жай бойынша алынған ақпаратты тексеру кезінде ішінде жасырын 480 бұта есірткі өсірілген арнайы жабдықталған жылыжай табылды.Саяжай бойынша көршісінің осындай заңға қайшы іс-әркетке баратыны, көршілерінің ойларына тіпті кіріп-шықпаған.

ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов атап өткендей: «Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300 - бабы-Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясымен 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген».

                                                                                                                                 ШҚО ПД баспасөз қызметі